Жұма, Маусым 22, 2018
logo
21.jpg22.jpg23.jpg24.jpg25.jpg26.jpg27.jpg28.jpg29.jpg30.jpg31.jpg32.jpg

НАЗАРЫҢЫЗҒА ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВТЫҢ ИНТЕРНЕТ-БЕТІН ҰСЫНАМЫЗ

Azilhan fotoӘзілхан Нұршайықовтың интернет-парақшасы оқырман қауымға жазушының көптеген туындыларымен танысып, виртуалдық мұражайды аралап, Әз-ағаның жазушылық өміріне көз жүгіртіп, кітап оқудан алған әсерлерімен бөлісуге мүмкіндік беру мақсатында әзірленді.

Кітап сөресін ақтара отырып, Сіздер Әзілхан Нұршайықовтың қаламынан шыққан көпке танымал «Махаббат, қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз», «Мәңгілік махаббат жыры» романдарының, сонымен біргекеңінен таралмай қалған, әйтсе де әдебиет әлеміне жақсы белгілі «Естеліктер», «Өмір өрнектері» сияқты өзге де очерктер мен әңгімелердің үзінділерін оқи аласыздар.  

«Әзілхан мен Халима» бетін ашып, Сіздер Әзекеңнің аяулы жары Халимаға арнап жазған  «Мәңгілік махаббат жырын» ғана емес, сонымен бірге қос жардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі туралы берген бірқатар сұхбаттарын да оқи аласыз.  

Жазушының фотосуреттері, бейне материалдары, жұмыс кабинеті және  ондаған жылдар бойы өз қолымен жинаған мұрағатынан алынған кейбір үзінділер  «Мұражай» деген тараудың астында топтастырылған.  

Парақшаның «Әз-аға» бөліміне кіріп, Сіздер Әз-аға туралы Қазақстанның көрнекті тұлғалары, достары, майдандастары, жақын туыстары қалдырған естеліктерді оқи аласыздар.
Жазушыға, оның өмірі мен шығармашылығына қатысты өз естеліктеріңіз бар болса, оны осы «Лебіз қалдыру» бетінде тұртіп, бізге жібере аласыз. Сонымен бірге бұл парақша жайлы өз пікіріңізді де қалдыруға болады.   

Ал жеке кітапханаңызды Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларымен байытқыңыз келсе, «Сатып алу» деген тарауда бізге өтініш қалдырыңыз. Біз оны орындауға тырысамыз..