Жұма, Маусым 22, 2018
logo

Естеліктер

ҚОС ҚАНАТТЫ ДАРЫН. Алпысты алқымдап отырған Әзілхан Нұршайықовты майданнан оралған кезден бері білемін.Жалғанда бұйығы адамның сырын алудан қиыны жоқ. Мақтасаң – тасып, даттасаң – ашуланып, қолпаштасаң – желігіп кетпейді. Көк мәрмәрдан жасалған бейнеден айнымайды ғой. Сонда да баяғыдан бері сезіп жүргенімді, шәпеті тұлғада алыпқа бітер жүрек, үлкен адамгершілік барын көзіммен көрдім. Оны сіздер «Келес коммунистері» деген тамаша очеркінен аңғарған да шығарсыздар. Әзілхан Нұршайықовтың сөзі мен ісі арасында алшақтық болмайтыны сияқты, әлеуметтік тірлік пен жеке бастың, мүддесі арасында да айырма жоқ екен. Келес өңірінде МТС алғаш кұрылған кезде басшы болғаң Қарлыбаев есіміне байланысты арық, бау-бакша, жер-су аттарының сырын іздестіруі, Ұлы Отан соғысы жылдарында атты әнге айналып, жырға қосылған Социалистік Еңбек Ері Рыскүл Мақатовамен дидарласып, сұхбат кұрған тұстағы түр-тұлғасы, іс-әрекеті маған оның журналистік шеберлігін, жазушылық мұратының  биіктігін әбден танытқандай еді. «Жақсы көңіл жазушыға екі есе керек», - деп айтатын ой-пікірінің өз өмірінен түйілген түйін екенін көрдім. Өйткені осындай кездесуде өзін байытып, дидарласқан…
Мен Әзілхан аға шығармаларын 1956 жылдан: «Алыстағы ауданда» атты проблемалық-талдамалық очеркінен (ол жылдарда ол очерк деп бағаланған, солай деп танылған, сол аркылы оған сол жылдарда «Қазакстанның Овечкині» деген атақ та берілген, ал шынында, ол очерк қазақ көркем әдебиет тарихындағы жаңа жанр – тұңғыш деректі повесть болып табылатын) бастап, онын шығармаларын күні бүгінге дейін үзбей оқып келе жатқан қарт окырманнын бірімін. Әз-аға шығармаларын шын сүйсіне, шын тәнті боп оқитын оқырмандығым сондай, өзім сатып алған, оның өзі сыйлаған Әз-ағаның туындылары үйімдегі шағын кітапханамда ерек бір сөре! Сондықтан мен оның жарты ғасыр бойғы тұрақты окырманы болғандықтан да, былайша да (1966 жылдан) таныстығым барлықтан да өзімді Әз-ағаны бір кісідей білетін адаммын деп ойлайтынмын-ды! Сөйтсем... Асқар таудың алыстан сыртқы сұлулығын ғана көрсетіп, ішкі сұлулығын өзіндік сыр етіп жасырып тұратыны, алыптардың өз құ-діреттерін онша аңғартпайтыны, даналардың өздері жайлы даурықпайтыны, әулие, абыздардың кішіктігі, қарапайым болатыны, батыр-лардың батырлықты шайқаста ғана көрсететіні сияқты, Әз-аға да өзін «көрсетпейді» «андатпайды», «даурықпайды»…
Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан ағаны алғаш қазақтың талантты жазушысы, жастардың сүйікті ағасы Мұқан аға Иманжановтың айтуымен таныдым. Ол кезде Әзағаң Павлодар облыстық газетінің редакторы екен. Алматыға келсе, алдымен Мұқан ағамен амандасып, содан кейін өз тірліктерін жалғастыратын көрінді маған. Ұлы Жамбыл атасына өзінің майдандас достарымен бірге майданнан өлеңмен хат жолдап, сол хаттарына кешікпей жауап алған мықтының бірі осы – Әзағаң. Әзағаңның  ақын жүректен туындаған әңгімелерін мен өте сүйсініп қабылдадым. Әзағаңның халықтың жүрегінен орын алған сүйікті де, сүйкімді романының аты «Махаббат, қызық мол жылдар». Ұлы ақынның жалғыз жол өлеңі әрі ат, әлі халық жүрегіне апаратын жол ма деп те қаламын. Бұл романды қара сөзбен жазылған махаббат туралы поэзия десек те артық емес. Осы романды жұрттың жабыла оқығанына мен өзім куәмін. Өз басым романды бірнеше рет оқыдым. Әр оқыған сайын сол кітап, сол кітапқа кірген геройлар менің туысымдай болып кетті. Әзағаң жазатын шығармасын біраз уақыт достарына ауызша айтып жүреді. Біраз айлар өткен соң…
Іздеймін аңсап ағамды Көктем мен жаз жүрген жанға түнеумен,Көктем емес, көптен мейір тілеумен,Барша жұртқа құшақты кең ашушы ем,Бір ащы сөз естіместен біреуден. Көңілім шалқып тұлпар мінді, тай мінді.Серік етіп алғам нұрлы Ай, Күнді.Мынау әлем жаралғандай бақыттанҰмытып ем өксік түгіл қайғыңды. Жасау үшін кешегіге өткелді,Оймен шолдым халқым кешіп өткенді.Қазағымның қасиетті бір әніЖүрегім мен көмейімде кептелді. Елдің зары, ердің мұңы – қымбат тым,Сол әнге мен сүңгідім де, шым баттым.Қаратаудан босқан көшке ілесіп,«Елім-айлап!» жанын жұртқа тыңдаттым. Тыңдамады биліктілер төрдегі,У боп сіңіп санасына ел демі.Жерден алып, жерге салды өзімді:«Ақтардың – деп қу сүйекті көрдегі!» Айналды да күлкімді өксік жеңуге,Тақап қалды Ай мен Күнім сөнуге.Дайын тұрды баспалар мен қасқаларКітап түгіл авторын да көмуге. Мен ұмыттым серік еткен Ай, Күнді.Көмейледім күлкімді емес, қайғымды.«Қопарды – деп – қопармайтын тарихты!,»Беріп жатты желкемді үзер «бәйгімді». ***Жан таппастан жан сырыма үңілген,Барша жұрттан қаршадай мен түңілгем.Ойда жоқта қалжыраған жүрегімДүр сілкінді атойлаған бір үннен. «Әу, жарандар! Басыр едің не деген!Өгейлік пен өктемдік…
Жазушы Әзілхан Нұршайықов – жетпіс жаста 1. Кейде замандас, қаламдас туралы терең ойға батамын. Көкейіме ып-ыстық сауал кептеліп тұрады. Бұл – азғантай өлшеулі ғұмырда адамға не жетпейді деген ежелден адамзат баласын он ойлантып, мың толғантып келе жатқан ең қиын сұрақ болса керек. Бұнымды біреу күліп, біреу терең қабылдайды. Әлдекімнің осы сұраққа әжуамен былай жауап қайтарғаны жадымда: адамға бұл өмірде ешнәрсе жеткен емес. Онысы рас, әрине. Ойды әріден орап, толғанып сөйлеген енді бірі: «адамдар әр түрлі – түсінігі де, көзқарасы да әр қилы»  деп еді. Өзім осы айтылғанды іштей қорытып көрем ғой – бір кем дүние деген ақиқат болса, оң мен солы шөлпілдеп толып тұрған жан да табылмақ емес. Міне, өмір жайында  өзегімде кең өрілген осы бір жай. Ал, жалпы мына дүниеде көкіректе ізгі ниет, мейірім сәулесі тым  азайып бара жатқандай. Адамдарда осы қасиет жетпейді. Бәлкім содан ба, жаны мейірім нұрына малынған замандастарыма бөлек қараймын. Олар маған тазалықтың, адалдық пен әділдіктің…
Қолтаңба автор мен оқырманның  берік байланысын айқындайтын алтын арқау Қолтаңба автор мен оқырманның берік байланысын, көзқарас мұраттарын, сабақтастық сырларын айқындайтын алтын арқау екенін бәріміз де білеміз.Ол көбінде қысқа-нұсқа үлгіде берілуі мүмкін. Қолтаңба мұраты мен тағылымының қайсыбір тұстарын жазушы ең-бегі мен шығармашылық үдерісі төңірегінде өрбітуге әбден болады. Осы орайда, сөз жоқ, жазушы Ә.Нұршайықовтың шығармашылық шеберханасына енудің пайдасы мол. Журналист-жазушы Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылық мұрасы қалың көптің қызығушылығы мен құрметіне ерте ие болғаны белгілі. Танымал тұлғаның шығармашылық өмірбаянына жіті ден қойсақ, ойлы очерктен – парасатты прозаның бел-белестеріне еркін көтеріліп, оның баршасында – адам әлемі, өмірі мен еңбегі, адалдық пен әділеттілік, кісілік пен кішілік, игілік пен ізгілік сынды сыр-сипаты жоғары қасиеттер шындық қалпында көрсетіліп, уақыт тынысы кең көлемде көрініс береді. Көрнекті қаламгердің замандастары мен тұстастары секілді өз кезегімде кеш-кездесу, сұхбаттарда бірге болған, қатар жүргендегі жарқын жүздесу мен сәулелі сәттердің, нұрлы бейненің әсер-ықпалы мол болды. Әсіресе, жазушы шығармашылығына қатысты жүздесу-сұхбаттар, жекелеген кейіпкерлер хақындағы көзқарастар (мысалы,…
ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ТУРАЛЫ ӘРІПТЕСТЕР ЛЕБІЗДЕРІ Қазақстанның халық жазушысы, республиканың мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылығындағы деректік негіз және көркемдік сипат дегенде бірден көзге түсетін екі жайтқа назар аударуға болады. Біріншіден, белгілі қаламгердің шығармашылығынан оның ұзақ жылдар бойы журналистиканың қазанында қайнап, пісіп-жетілгендігін, осынау журналистік тамаша тәжірибесінің жазушы шығармашылығына ықпалы мол болғанын айтқан жөн. Екіншіден, Әзағаңның алдыңғы ұрпақ – классик жазушылардың дүниелерінен жан-жақты хабардар бола тұра тек өзіне ғана тән жол іздегендігі, әрі оны тауып, тың стильмен, өзіндік өрнек-машықпен әдеби ортаға танылғаны оқырмандарға белгілі. Оған жазушының қолындағы жүздеген хаттарды көргенде тағы да көз жеткіземіз. Байыппен қараған адамға Әзілхан Нұршайықов шығармашылығы сан қырлылығымен және көптеген жанрларды қамтитындығымен  ерекшеленеді.  Тағы  бір  ерекше атап көрсетерлік  жайт Әз-ағаңнан өзгеше еңбекқорлығы мен ұзақ жылдар бойы қалыптасқан ұқьтптылығы, ықтияттылығы. Оны сонау ¥лы Отан соғысы жылдарындағы от пен оқтың ортасында отырып жазған күнделіктерінен бастап қаламдастарымен жазысқан хаттарынан, құнды құжаттарды қапысыз сөйлете білу шеберлігінен, оны деректі шығармаларында өте орынды қолдана…
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің диплом қорғаушысы, Семей облысы, Жарма ауданындағы «Бірлік» колхозы орта мектебінің мұғалімі. СОҢҒЫ ТҮЙІН немесе жазушының үйінде Сонымен диплом жүмысы жазылып бітті. Ол кісі оқымастан өзіме қайтарып берді.—    Алдымен жазушының өзіне оқыт. Содан соң маған әкел,— деді , жетекшім. Тәртіп солай шығар деп жазушының үйіне бардым. Ол кісі қарсы болған жоқ.—    Тастап кет, ертеңнен бастап оқуға кірісейін,— деді. Жазушының кабинетін бірінші рет көргенім еді. Жан-жағыма бажайлай қарап, көргенімнің бәрін  көңіліме сақтауға  тырыстым.Ерсілі-қарсылы ұзын екі қабырғаға біркелкі кітап шкафтары қойылыпты. Кей шкафтың беттері үлкенді-кішілі тақтай есіктермен жабылған. Кей шкафтар шынымен әйнектелген. Әйнектердің ар жағына алуан-алуан кітаптар тізілген. Бер жағына үлкенді-кішілі әр түрлі суреттер қойылған. Екі қабырғадағы шкафтардың бәрінің үстіне бірнеше портреттер қойылған.Еденге бір-біріне тіркестіре қойылған екі үстел тұр. Екі үстелдің де шет жақтарында әртүрлі қағаздар, блокноттар, папкалар үюлі жатыр. Екі үстелдің де иесі отыратын орындыққа қарсы жақ шетіне дыбысы шықпайтын үстел сағаттары қойылған. Жазушының, осы екі…
Қазақ энциклопедиясында парасат деген қасиет ақыл-ой, сана-сезім, көрегендік, тапқырлық, зерделілік, танымдық, адамгершілік, жомарттық қабілеттердің биік ерекшелігін білдіретіні көрсетілген. Бұл сөзді біз текке келтіріп отырған жоқпыз. Бір асыл азаматымызды осы биіктен білетінімді айтпақпын. Ол – бәріміз қадір тұтқан Әзілхан Нұршайықов. Біздер ұлы жазушыларымыз М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафиндердің шығармаларын қызыға оқып, рухани нәр алып, өздерінің көзін көріп, зор бағалаған ұрпақпыз. Соларға теңдес келетін кім болды, кім бар деп көңіл жүгіртіп қоямыз. Сонда, алдымен Әзағаң оралатын еді. Оның да шығармаларын, мақалаларын құныға, әсерлене оқығанымыз рас. Міне,  сондай қазақ әдебиетінің жүгін нардай көтерген тұлғадан айырылғанымызға жүрегіміз қан жылап-ақ қалды. О дүниелік болып кеткеніне де қырық күн толды. Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», «Махаббат, қызық мол жылдар», «Мен және менің замандастарым» өмір өткелдері кітаптарын оқығанда бір нәрсеге қайран қалатынмын. Оның көргендерін, естігендерін, оқығандарын, біреулермен сөйлесіп-әңгімелескендерін есінде сақтап, ойында ұстау қабілетіне таңданатынмын. Қолға қойғандай, артық кемі жоқ, қаз-қалпында көп жыл өткеннен кейін…