1 том: Роман, әдеби портреттер, естеліктер Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік, А.А. Фадеев атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың таңдамалы шығармаларының он томдығының алғашқы кітабына көрнекті қаламгердің «Махаббат, қызық мол жылдар» романы кірді. Даңқты дүние оқырман қауымның күні бүгінге дейін қолдан-қолға тигізбей оқып, ғибрат тұтып келе жатқан туындылардың бірі. Роман кейіпкерлері – өмірдің қиын жолдарынан өтіп, күрделі драмалық жайларды бастарынан кешкен адал жандар.Сондай-ақ автордың Б. Полевой, М. Иманжанов, Ә, Тәжібаев, Т, Ахтанов секілді әдебиетте өзіндік орны бар қаламгерлердің әдеби портреттерін жасаған үлкенді-кішілі естелік-әңгімелері мен жазушылық зертхана, шығармашылық әдіс, машық жайын егжей-тегжейлі сөз ететін автопортреттік әңгімелері де өте тартымды. 2 том: Роман, майдан жазбалары Жазушының бұл томына кірген «Ақиқат пен аңыз» романының оқиғасы сонау Ұлы Отан соғысы жылдары оқиғаларын қамтиды. Кітаптың бас кейіпкері – Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған қаһарман, жазушы Бауыржан Момышұлы.Ал «майдан жазбаларында» қаламгер Ұлы Отан соғысы кезіндегі достары – Кеңес Одағының Батырлары: Мәншүк Мәметова, Ыбырайым Сүлейменов, т.б. жайында сыр шертеді. 3 том: Роман, хикая, эсселер Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың «махаббат жыры» хикаяты 1964 жылы жеке кітап болып жарық көрді. Екі жылдан соң лирикалық шағын повестер деген атаумен: «Ботагөз», «Әсем», «Ескі дәптер» ұшеуі бір кітапта жарияланды. 1970 жылы «Махаббат, қызық мол жылдар»…