Сейсенбі, Қыркүйек 25, 2018
logo

«Қаламгер және оның достары»

Бұл кітапта 1950 жылдардағы жас қаламгерлердің ұстазы болған ұмытылмас азамат жазушы Мұқан Иманжановтың қысқа өмірі суреттеледі. Сол кездегі әдеби, мәдени, қоғамдық орта көрсетіледі. Мұқан Иманжановтың ұстаздық мектебінен откен ол тұстағы жас қанат қаламгерлер кейін көрнекті жазушы, ақын, ғалым болып қалыптасады.

Олар Қазақстанның қазіргі халық жазушылары  Әбдіжәміл Нұрпейісов, Мұзафар Әлімбаев, Тұманбай Молдағалиев, Сәкен Жүнісов, Әзілхан Нұршайықов, академикөжазушы Зейнолла Қабдолов, Серік Қирабаев және басқалар. Кітап осылардың алғашқы шығармашылық қалыптасу кезінен мағлұматтар да береді.

Шыққан жылдары: 2000, 2005
Бұл шығарма «Қазығұрт» баспасынан 2005 жылы автордың он томдығында да жарияланды.

Сатып алу