Сейсенбі, Қыркүйек 25, 2018
logo

Оқырмандар лебіздері

Әз ағаның өмірі мен шығармашылығына арнап сайт ашылғанына қатты қуанып қалдым. Сонымен қатар қазіргі техникаға тәуелді боп отырған шағымызда электронды нұсқада Әз аға туралы мәліметтерді топтастырып, оқырман назарына ұсынғаныңызға шексіз ризашылығымды білдіремін. Әз ағаның махаббатқа толы дүниелеріне тәнтімін. Жарын тек Тәңірі қосқан әйел заты деп қана қарамай, жұбайлар арасындағы мәңгілік достықтың да образын көрсете білді.

Жары Халима апамыздың да жолдасына деген шексіз пәк көңілі, мәңгілік жолдасына деген адал жар болудан өзге достық қамқорлығы да өзге әйел затына үлгі. Әз ағаның шығармаларымен таныс әрбір ару Еріне Халима апамыздай қамқорлық жасап, азаматының өмірінде үлкен рөл атқарсам деп армандайтын болар, сірә! Сонау сұрыпыл соғысты көріп,отау көтеріп, тұрмыстың тауқыметін бірге тартса да, жігерлері жасымаған.

Оның сыры да, шыны да екі жанның бір-біріне деген адалдығы болса керек. Қазіргі таңда жас отбасылар ондай ауыртпашылықты көтере алмас еді. Әз аға мен Халима апамыздың бір-біріне деген сүйіспеншілігі кез-келген жанға үлгі десек артық айтқандық болмас.

Отаралиева А., Маңғыстау өңірінің тұрғыны


Salemetsiz be! Men Korkyt Ata Universitetinde okyp jatyrmyn. Azilhan agaidy tanyganym onyn Mahabbat Kyzyk Mol Jyldar atyndagy tuyndysymen bastald?. 3-kurs okyp jatkan kezimde satyp alganym Mahabbat Kyzyk Mol Jyldar roman? bir jagymen adebi turgydan bir jagymen de jurekteri kainap jurgen jastyk kavymnyn mahabbat turaly oilagan oilaryndy jaksylap tusindirgeni men magan unady.

Turkiaga bargannan kein diplom jumysymdy keneitip Azilhan Agaidy Kazaktartyn tuyskany bolyp sanalatyn Turik okyrmen de tanystyrgym keledi. Azilhan agai Kazak jazuwylar iwinde Mahabbat jaiynda jazgan jazuwylardyn algawkysy boldy men uwin. Buginge wein okyp jatkandarym kobinese Magjan Jumabaiuly, Ahmet Baitursynov, Abai siakty Kazak jazuwylar edi.  Menin oilaganym, kalai Kazaktar bugin ali Abaidyn, Baitursynovtyn, nemese Avezovtyn atyny tilden tusirmegeni siakty.

Azilhan agai da osydan kanwama jyl otse de umytylmaidy. Kudaidyn nury jausyn. Topyragy jenil, bargan jeri jannat bolsyn! Beytullah Poyraz, Korkyt Ata Universitetinde okyp jatkan 4. kurs studenti, Turkia azamaty.


Өте мағыналы, Махаббат қызық мол жылдар атты Ә.Нұршайықовтың кітабын оқыған адам махаббатты түсінеде, қадірлей біледі деп ойлаймын.Өте жоғарғы дәрежеде жазылған мағынасы мен мәніне теңдесі жоқ. Оқыңыздар жастар

Қалиева А. И.

Құрметті оқырман!

Осында шығарма жайындағы пікіріңізді, жазушы туралы естелігіңізді немесе веб-сайта жарияланатын ақпарат бойынша ұсыныстарыңызды қалдыруыңызға болады.

*Басқа оқырмандар мен жазушыға құрмет көрсету мақсатында барлық жазбалар әділ сын өткеннен кейін ғана жарияланады.