Жұма, Қараша 16, 2018
logo

Мәңгілік махаббат жыры

Әзілхан Нұршайықов. «Мәңгілік махаббат жыры» кітабынан үзінді.

halimaХалима екеуіміз 54 жыл бірге өмір сүрдік. Өмірімнің соңғы күн, соңғы сағатына дейін екеуіміз жұп жазбай, қол ұстасып қатар жүрдік.

Ол менің әйелім ғана емес, әрі шешем, әрі редакторым, әрі корректорым, әрі ақылшым, әрі қосалқы авторым, әрі хатшым, әрі курьерім болды. Жақында, Халима қайтыс болғаннан кейін, көңіл айтуға үйге «Егемен Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары Жанболат Аупбаев келді. Сол жігіт мынадай бір деталь айтты:
– Жеңістің 50 жылдығы қарсаңында мен «Халық кеңесі» газеті редакторының орынбасары едім. Сол кезде біздің газетте 100-ші атқыштар бригадасы жауынгерлері жайында жазылған «Боздақтар» деген естелік-этюдтеріңіз шықты. Ол естеліктер газетіміздің бес нөмірінде басылған ең абыройлы материалдарымыз болды. Соны: «Ағаларың ауырып жатыр еді» – деп менің қолыма Халима апайдың өзі әкеліп тапсырған еді, – деді.

Бұл Халиманың курьерлік кішкене қызметінің бір мысалы ғана. Ал оның өзге үлкен қызметтерін айтып жеткізу үшін жеке бір кітап жазу қажет. Толық мәтін..