Жұма, Маусым 22, 2018
logo

Махаббат хикаясы

«Қасиеттеп, құрметтеп,сенің махаббатыңды,
Ұрпаққа үлгі болсын деп, Алашқа жайдым атыңды»
.

obaБұл тарау Әзілхан Нұршайықовтың өзінің жан серігі Өзбақанова Халима Қалиақбарқызыға, қос жардың арасындағы махаббатына, екеуі қол ұстасып өткізген қарапайым бірақ үлгі-өнегеге мол өмірді баяндауға арналады.

Әзілхан мен Халима бір-біріне тоғыз жыл ғашық болып, одан кейін 54 жыл бірге бақытты өмір сүрді. Дүниежүзіндегі көп ғашықтардың қолы жетпеген мәңгілік махаббат тәжін бастарына киді. Өз заманындағы ең бақытты қарапайым адамдардың бірі болды.

Әзілхан мен Халима бір-біріне 1946 жылы қосылды. Халима Әзілханның тек әйелі ғана емес, әрі редакторы, әрі корректоры, әрі ақылшысы, әрі қосалқы авторы, әрі хатшысы болды. Өзінен он жыл бұрын дүниеден қайтқан өмірлік серігіне арнап жазушы «Мәңгілік махаббат жыры: Халима» кітабын жазды.

Әзілхан мен Халиманың 4 баласы, бес немересі және алты шөбересі бар.


Әзілхан НҰРШАЙЫҚОВ: «Махаббат тәжін кигеніме бақыттымын…

Халимаға ғашық болдым. Бірақ, оған ғашық екенімді білдіргенім жоқ. Өте тату, дос болып жүрдік. Бер жағым – дос, ар жағым – ғашық. Ол менің түпкі ойымды сезе ме, сезбей ме, білмеймін. Тіс жарып айтпайды. Бірақ, маған деген достық қамқорлығында қапы жоқ болатын. Ылғи жанашырлық жасап жүретін. Өзара достық хаттар да жазысатынбыз. Толық мәтін...


Халима ӨЗБАҚАНОВА - НҰРШАЙЫҚОВА:  «Алғашында «жаяу келін» атандым...

Келе-келе «жақсы келін» атандым...» Алғашында «жаяу келін» атандым. Колхоз бастығы жүйрік құла атын, рессорлы транспеншесін алып шығып, қарсы алмақшы екен. Уәдесіне тұрмапты. 9-шы разъезден түссек, ешкім жоқ. Тұнжырап кеттім. Әзілхан да жаны жүдеп, қатты кейіді. Қолымызда чемодан, 9 шақырым жаяу жүрдік. Осылайша, Нұршайықовтар шаңырағының түтінін түтеттім. Сәки атты жолдасы, бір бидон арағы бар Әзілхан тойға кірісті. Ат бермеген бастық жарты пұт бидай берді, оның жартысын талқан етіп, той дастарханына қойдық. Толық мәтін...


Қантай ЕЛУБАЕВА: Халима ақыл-көркімен топ ішінде жарқыраған таң шолпандай еді

Халима екеуміздің тағдырымыз ауыр болды. Жетім едік, екеуміз де Семей балалар үйінде өстік. Семейде, қателеспесем, 1937 жылы қазақ мектеп интернаты ашылып, балалар үйінен бәрімізді соған ауыстырды. Халима менен екі класс жоғары оқыды. Онымен бірге Шәкәр Ботақанова, Орынкеш Мысырова, Ишжан Жағыпарова (Абайдың ұрпағы) бірге оқыды. Олар өздерін ересек санап, бізге әпке секілді қарайтын. Сол ересек қыздардың арасында Халима ақыл-көркімен топ ішінде жарқыраған таң шолпандай еді. Толық мәтін