Жұма, Қараша 16, 2018
logo

Жинақтар, зерттеулер

kniga 1

«Әз-аға»

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында шығып отырған «Әз-аға» атты бұл жинаққа Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов туралы замандастарының, достарының, жерлестерінің және әріптес қаламгерлердің естеліктері енгізіп отыр.

Өмірден озғанына көп бола қоймаған жазушы өмірінің соңғы кездері, күнделікті өмірдегі тынысөтіршілігі, мінез-құлқы және ой-толғаныстары жөнінде білгісі келетін кейінгі жастарға, сондай-ақ қаламгер жөнінде зерттеу еңбектерімен айналысуға ниет еткен зерттеушілерге, әдебиет мүғалімдеріне бұл кітаптың септігі тиері анық.

Құрастырушы: Жанар Нұршайықова

Өскемен, «Шығыс Ақпарат», 2011


kniga 2

«Әйгілі Әзаға»

«Әйгілі Әзаға» жинағына Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік және А.А.Фадеев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, қазақтың біртуар перзенті Әзілхан Нұршайықов туралы 72 автордың естеліктері, эсселер мен Әзағаңа арнап жазылған өлеңдер кірді.

Авторлар арасында Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы Н. Оразалин, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Ғ. Есім, профессор, филология ғылымдарының докторы Т. Кәкішев, Қазақстанның халық жазушылары Қ. Жұмаділов пен Ә. Тарази, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Абай Тасболатов, Нұртай Сәбильянов, Бақытбек Смағұл, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткері, профессор, жазушы Ә. Ыдырысов пен белгілі ақын М. Рәш және Қазақстанның басқа да көрнекті қаламгерлері бар. Әрқайсысы асыл ағаның жұрт біле бермейтін тың деректерін көркем тілмен мөлдірете жазған.

Құрастырушы: белгілі журналист, филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Мұратбек Тоқтағазин.

«Фолиант» баспасы, 2012 жыл.


kniga 3

Қайсар Әлім «Махаббат жыршысы»

Жазушы, журналист Қайсар Әлімнің 2012 жылы шыққан «Махаббат жыршысы» кітабына  автордың Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік және А.А. Фадеев атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты Әзілхан Нұршайықов екеуінің 30 жыл бойы жазысқан хаттары арқау болған.

Атақты қаламгермен жазысқан хаттарда әдебиет, өмір, дәуір, қоғам жайында қызықты да тұмасы терең, ғибраты мол сырлар шертіледі. Сон¬дай-ақ атақты қаламгердің өз оқырмандары жайлы жазғандары да хаттарды байыта түсер дәйек болып, ой салар ортақ өрімін тапқан.

Алматы, «Ана тілі» баспасы, 2012 ж


kniga 4

Мұратбек Тоқтағазин «Деректілік пен көркемдік»

Монография көрнекті қаламгер Әзілхан Нұршайқовтың шығармашылығына арналған. Зерттеуші автор өз еңбегінде жазушының деректік негіз бен көркемдік сипатты үйлестіре бейнелеу тәсілдерінің қыр-сырын ашуға ден қойған. Сонымен қатар қаламгердің өзіндік стилі, шығармашылық лабароториясы, эпистолярлық туындылары, күнделікке түскен жазбаларды пайдалану машығы жөнінде ғылыми байлам-байыптамалар жасалған.

“Arna-b” баспасы, 2012 ж.