Жұма, Қараша 16, 2018
logo

Жаңалықтар

23 қыркүйек 2017 ж.

«АДАМ ЖӘНЕ ӘЛЕМ»
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВТЫҢ
95 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН
ӘДЕБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ
(Қазақстанның Халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы стипендия тапсыру үшін)

Қазақстан студенттері мен магистранттары арасында жыл сайын болатын көркем шығармашылық жұмыстар бойынша байқау жарияланады.

Байқауға қабылданатын шығармашылық жұмыстар:
1. Прозалық көркем шығармалар (әңгімелер).
2. Өлеңдер.
3. Көркем публицистикалық шығармалар (очерк, эссе).

Тақырыптар: еркін.

Байқауға бір қатысушы бір прозалық шығарма (пункт 1 немесе 3 – екі беттен аспауы тиіс) немесе екі поэзиялық шығарма (пункт 2) тапсыра алады. (Шрифт Times New Roman 14, жол арасы – 1,5, жиегі 2*2*2*2).

Шығармаларды орыс және қазақ тілінде жазуға болады.

Байқауға қатысу үшін тапсырылатын материалдарды sadenovaа@mail.ru электронды поштаға «Шығармашылық байқау» атауымен жіберуі тиіс.

Көркем шығармалармен бірге автор туралы мәліметтер міндетті түрде төмендегідей тәртіппен берілуі тиіс:
1. Аты-жөні;
2. Туған жыл, айы, күні;
3. Мекенжайы, телефоны, электронды поштасы;
4. Оқу орнының атауы (ЖОО, колледж, мектеп).

Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультетінің алдыңғы қатарлы профессорлары мен білікті оқытушылары қатыстырылады. Ұйымдастыру комитеті материалдарды 2017 жылдың 10 қыркүйегі мен 1 қарашасы аралығында қабылдайды.

Жүлделі орындарды иеленген жеңімпаздарға Халық жазушысы Ә. Нұршайықов атындағы стипендия тапсырылады. Ұйымдастыру комитеті 6 жүлделі орын белгілеп отыр. (3 – қазақ тіліндегі шығарма, 3 – орыс тіліндегі шығарма)

Жеңімпаздарға сыйақының салтанатты түрде тапсырылуы 2017 жылы 16 қарашада, сағат 14:00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Кіші залында өтеді. Мекенжайы: Алматы қаласы. Абай даңғылы 14.

Басқа қалалар қатысушыларының шығармалары жүлде иеленген жағдайда стипендиясын банк карточкасы арқылы ала алады.

Ең үздік деп танылған шығармалар жазушының http://www.nurshaihov.kz жеке сайтында жарияланады.

Сіздердің шығармашылық жұмыстарыңызды күтеміз!

Байқауды ұйымдастыру комитеті.


14 желтоқсан 2016 ж.

«Адам және әлем»
ЖАСТАРДЫҢ ЖЫЛ САЙЫН БОЛАТЫН
ӘДЕБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ 100 КІТАП ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ӨТЕТІН «ЖЫР КЕШІ»

2016 жылдың 14 желтоқсанында ҚР Ұлттық кітапханасының Кітапханатану залында филология ғылымдарының докторы профессор Нұршайықова Жанар Әзілханқызының бастамасымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы оқытушылары Қазақстанның Халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы стипендия тапсыру үшін студент жастар мен жоғары сынып оқушылар арасында «Адам және әлем» атты жастардың жыл сайын болатын әдеби шығармашылық байқауының қорытындысын шығарып, шағын әдеби жыр кешін өткізді.

Биыл байқауға еліміздің 5 облыс 13 қаласынан 76 сайыскер 67 прозалық, 142 поэзиялық шығармамен қатысты. Нәтижесінде 6 қазақ тіліндегі, 2 орыс тіліндегі ең жүйрік шығарма таңдап алынды. Сондай-ақ жүлделі орыннан басқа «Жас ақын», «Жас қаламгер» номинацияларына үздік шығармалар таңдап алынды.

Толық ақпарат пен үздік шығармалармен танысу үшін сол жақтағы меню арқылы Байқау парақшасына өтіңіз.


18 қараша 2016 ж.

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ АТЫНДАҒЫ МЕМОРИАЛДЫ КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

2016 жылы қарашаның 18-і сағат 15-00-де Алматыдағы ҚР Ұлттық кiтапханасында А. А. Фадеев атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты, Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, Әзілхан Нұршайықовтың мемориалды кабинеті ашылды.

Кабинеттiң ашылу салтанатына Ә. Нұршайықовтың балалары, Қазақстанның құрметті жазушылары, Алматының әдеби-мәдени зиялылары және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері қатысты. Олардың арасында - «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ұлықбек Есдәулет, ақын Мыңбай Рәш, еңбек ардагері Нұр­мұхамбет Әжіметұлы. Жазушының қызы Жанар Әзілханқызы Ә.Нұр­шайықовтың соңында қалдырған жазба мұрасы халқымен бірге өмір сүре беретінінің жарқын көрінісі – мемориалдық кабинетінің ашылуынан байқауға болатынын айтты. Қазақстан­ның халық жазушысы Әзілхан Нұр­шайықов туралы  «Жүрекжарды»  фильмінің көрсетілімі болып, жазу­шыны еске алуға арналған дөңгелек үстел жиынын «Әзілхан Нұршайықов» медалінің иегері, жазушы-журналист Қайсар Әлім жүргізіп, ақын-жазу­шылар мен ғалымдар Уақап Қыдыр­ханұлы, Сарбас Ақтаев, Ғазизбек Тә­шімбай және өзге де азаматтар сөйлеп, жазушы туралы ойларымен бөлісті.

2011 жылы өмірден өткен Қазақстан оқырмандарының сүйікті жазушының мемориалды кабинеті Ә. Нұршайықовтың Алматы қаласындағы Құрманғазы көшесі бойында орналасқан пәтердегі 1985-2011 жылдары жұмыс істеген кабинетінің көшірмесі ретінде құрастырылған. Онда «Ақикат пен аңыз», «Махаббат, қызық мол жылдар», «Мәңгілік махаббат жыры» және тағы басқа көптеген шығармаларының әр жылдардағы басылымдар, жұмыс істеген орны мен жазу құралдары, өзіне тартылған сыйлықтар, сондай-ақ қаламгер өмірін баяндайтын фотосуреттердің жиынтығы мен басқа да құнды мұрағаттық заттар жиналған.

Мекен-жайы: Алматы қ-сы, Абай д-лы 14, 2 қабат

memor cabinetvitrina knigknigi


 

23 қыркүйек 2016 ж.

«Адам және әлем»
ЖАСТАРДЫҢ ЖЫЛ САЙЫН БОЛАТЫН
ӘДЕБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ
(Қазақстанның Халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы стипендия тапсыру үшін)

Қазақстан студенттері мен жоғарғы сынып оқушылары арасында жыл сайын болатын көркем шығармашылық жұмыстар бойынша байқау жарияланады.
Байқауға қабылданатын шығармашылық жұмыстар:
1. Прозалық көркем шығармалар (әңгімелер).
2. Өлеңдер.
3. Көркем публицистикалық шығармалар (очерк, эссе).
Тақырыптар: еркін.

Байқауға бір қатысушы бірнеше жұмыс тапсыра алады, бірақ әр қатысушы жұмысының жалпы көлемі 4 беттен аспауы тиіс. (Шрифт Times New Roman 14, жол арасы – 1,5, жиегі 2*2*2*2).
Шығармаларды орыс және қазақ тілінде жазуға болады.
Байқауға қатысу үшін тапсырылатын материалдарды This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштаға «Шығармашылық байқау» атауымен жіберуі тиіс.

Көркем шығармалармен бірге автор туралы мәліметтер міндетті түрде төмендегідей тәртіппен берілуі тиіс:
1. Аты-жөні;
2. Туған жыл, айы, күні;
3. Мекенжайы, телефоны, электронды поштасы;
4. Оқу орнының атауы (ЖОО, колледж, мектеп).
Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің алдыңғы қатарлы профессорлары мен біліктілігі жоғары оқытушылары қатыстырылады.

Ұйымдастыру комитеті материалдарды 2016 жылдың 1 қазаны мен 1 желтоқсаны аралығында қабылдайды.
Жүлделі орындарды иеленген жеңімпаздарға Халық жазушысы Ә. Нұршайықов атындағы стипендия тапсырылады.
Ұйымдастыру комитеті 6 жүлделі орын белгілеп отыр (3 – қазақ тіліндегі шығарма, 3 – орыс тіліндегі шығарма).
Жеңімпаздарға сыйақының салтанатты түрде тапсырылуы 2016 жылдың желтоқсан айының басында ҚР Ұлттық кітапханасында өтеді. Мекенжайы: Алматы қаласы. Абай даңғылы 14.

Басқа қалалар қатысушыларының шығармалары жүлде иеленген жағдайда стипендиясын банк карточкасы арқылы ала алады.
Ең үздік деп танылған шығармалар жазушының http://www.nurshaikhov.kz жеке сайтында жарияланады.

Сіздердің шығармашылық жұмыстарыңызды күтеміз! Байқауды ұйымдастыру комитеті.


Қазақстан Халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы стипендия тапсыру үшін  «Адам және әлем» атты жастар арасында жыл сайын болатын әдеби шығармашылық байқау өтті

2015 жылғы бұл шығармашылық байқауға барлығы 90 үміткер 200-ден аса шығарма қазақ тілінде, 18 шығарма орыс тілінде жазған шығармаларымен қатысты. Биылғы сайысқа Қазақстанның 8 облысының 14 жоғары оқу орнының – 72 студенті, 3 колледж студенті мен 6  орта мектептен 15 оқушы қатысты. Атап айтқанда Қостанай, Астана, Павлодар, Қызылорда, Семей, Кентау, Қарағанды, Алматы қалалары және Алматы облысынан жас қаламгерлер өз туындыларын жарысқа салды.

Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің алдыңғы қатарлы профессорлары мен біліктілігі жоғары оқытушылары  қатыстырылды.  

Толық ақпарат пен үздік шығармалармен танысу үшін сол жақтағы меню арқылы Байқау парақшасына өтіңіз.


Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов атындағы стипендия тапсыру үшін әдеби шығармашылық байқауы

Алматы қаласында тұратын студенттер мен жоғарғы сынып оқушылары арасында көркем шығармашылық жұмыстар бойынша байқау жарияланады.

Байқауға қабылданатын шығармашылық жұмыстар:
1. Прозалық көркем шығармалар (әңгімелер).
2. Өлеңдер.
3. Көркем публицистикалық шығармалар (очерк, эссе).

Тақырыптар: еркін.

Байқауға бір қатысушы бірнеше жұмыс тапсыра алады, бірақ әр қатысушы жұмысының жалпы көлемі 4 беттен аспауы тиіс. (Шрифт Times New Roman 14, жол арасы – 1,5, жиегі 2*2*2*2).

Шығармаларды орыс және қазақ тілінде жазуға болады.

Байқауға қатысу үшін тапсырылатын материалдарды This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштаға «Шығармашылық байқау» атауымен жіберуі тиіс.

Көркем шығармалармен бірге автор туралы мәліметтер міндетті түрде төмендегідей тәртіппен берілуі тиіс:
1. Аты-жөні;
2. Туған жыл, айы, күні;
3. Мекенжайы, телефоны, электронды поштасы;
4. Оқу орнының атауы (ЖОО, колледж, мектеп).

Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің алдыңғы қатарлы профессорлары мен біліктілігі жоғары оқытушылары қатыстырылады.

Ұйымдастыру комитеті материалдарды 2014 жылдың 1 қазаны мен 1 желтоқсаны аралығында қабылдайды.

Жүлделі орындарды иеленген жеңімпаздарға Халық жазушысы Ә. Нұршайықов атындағы стипендия тапсырылады. Ұйымдастыру комитеті 6 жүлделі орын белгілеп отыр. (3 – қазақ тіліндегі шығарма, 3 – орыс тіліндегі шығарма).

ТЖеңімпаздарға сыйақының салтанатты түрде тапсырылуы 2014 жылдың желтоқсан айының екінші жартысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өтеді.

Ең үздік деп танылған шығармалар жазушының www.nurshaihov.kz жеке сайтында жарияланады


Әз-аға тойы қарашаңырақта жалғасты

2013 жылы 11-18 желтоқсан аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ЖОО білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасы ұстаздары Ә.Нұршайықовтың 90-жылдығы және университеттің "100 кітап" жобасы аясында Ә.Нұршайықовтың шығармашылығы бойынша "Үздік көркем эссе" байқауын ұйымдастырды.

Сонымен қатар Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындары ұстаздары мен студенттері арасында жазушы шығармашылығы бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Осы игі бастаманы дәстүрге айналдырған Әз-ағаның ұрпақтары ЖОО білім беру факультетінің ғылыми кеңесі "ҚР Халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы жыл сайын берілетін стипендия" тағайындалуына мұрындық болды. Бұл стипендиялар білім ордасының ғылыми кеңесінде салтанатты түрде тапсырылды.

Бәйге қорытындысы:

I-орын - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ЖОО білім беру факультетінің тыңдарманы Есімхан Жақи,
II-орын - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ЖОО білім беру факультетінің тыңдарманы Арман Әділбек
III-орын - ҚазМемҚызПУ студенті Бақыт Шамшадинова 

Жүлделі орындардан тыс байқауға қатысқан сайыскерлерге ынталандыру ретінде жазушының кітаптары табыс етілді.


2013 жылы қарашаның 18-інде М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Халық жазушысы  Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдығына орай еске алу кеші өтеді

2012 жылы 15 желтоқсанда Ұлы Отан соғысының ардагері, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, А.А. Фадеев атындағы Бүкілодақтық сыйлықтың лауреаты Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 90 жыл толды. Көрнекті жазушы осы мерейтойына бір жарым жыл қалғанда 2011 жылы 12 ақпанда  дүниеден өтті. Әзілхан Нұршайықовтың өмір жолының 4 түрлі қырын  анықтап айтуға болады. Артиллерист. Студент. Журналист. Жазушы. (Пресс-релиз)


Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдығына орай байқау жарияланды (сілтеме)

Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдық мерейтойына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы мен филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ филологиясы кафедрасы жазушының шығармашылығы бойынша студенттер арасында ең үздік шығармаға байқау жариялайды.

Байқау жеңімпаздарына жазушының отбасы атынан екі номинация бойынша ақшалай сыйлық беріледі.

Номинациялар:

1. Ә. Нұршайықов туралы көркем эссе
2. Ә. Нұршайықовтың шығармашылық әлемі туралы әдеби сын

Жүлде алған шығармалар газетке жарияланады.

Ниет білдірушілер 2012 жылы 26 қарашада сағат 11:10-12:25 аралығында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде 312-дәрісханада шығарма жазады.

Байқауға қатысу үшін студенттер филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ филологиясы кафедрасына келіп тіркелу қажет. Байқауға қаламгердің еңбектерін сүйіп оқитын барлық студенттер қатыса алады.


31 қазан 2012 жылы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

«Әдебиет пен көркем публицистиканың көрнекті өкілі» атты дөңгелек үстелді М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филол.ғ.д. Қалижанов Уәлихан Қалижанұлы ашты. Филол.ғ.д. Ақыш Нұрдәулет Бабиханұлы «Еліне із қалдырған елеулі тұлға» атты баяндама жасады. Сөйлеушілердің арасында филол.ғ.д.

Елеукенов Шерниаздан Рүстемұлы, филол.ғ.к.Серікқазы Қорабай, филол.ғ.к. Рахымжанов Келіс болды. Дөңгелек үстелге сонымен қатар  жазушының үлкен қызы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, филол.ғ.д. Нұршайықова Жанар Әзілханқызы мен немересі Жансағымова Дина Жаннұрқызы қатысып сөз сөйледі.


«Оқымысты трамвай» акциясы

Акцияның мақсаты қала мен облыс тұрғындарына қазақстандық жерлес жазушылар туралы ақпарат беру.

Бұл үшін №3 трамвай маршруты таңдалынып алынды. Кірген жолаушылар бірден мерекелік ортаға тап болды: түрлі-түстішарлар, жерлес жазушылар Әди Шәріпов пен Әзілхан Нұршайықовтың портреттері, олардың өмірбаяндары және шығармашылықтары таныстыратын үн парақтар, олар жазған кітаптар.

Мұны жолаушылардың әрқайсысы әр қалай «қабылдады». Біреулер таңырқай қараса, жазушылар мен олардың шығармаларын білетін басқа жолаушылар біздің қызметкерлермен сұхбаттасуға көшті. Бүлдіршіндерді балаларға арналған кітаптар толтырылған вагондары бар әдемі безендірілген «Кітапханалық паровоз» қатты қызықтырды.

Жолаушыларға сонымен қоса, кітапхана туралы мәлеметтер беріліп, үн парақтар таратылды.